Ол Тараз қаласындағы №82 референдум учаскесіне келіп
дауыс берді. Мемлекет үшін маңызды оқиғада азаматтық парызын орындаған
спортшы өз отандастарының дауысы келешек үшін айрықша мәнге ие екенін атап
өтті.
"Бүгінгі референдум барша қазақстандықтар үшін маңызды оқиға. Атом электр станциясын салу немесе салмау туралы таңдауды халықтың өзі жасап жатқанын жөн деп санаймын. Өз отандастарымды өз таңдауларын жасауға шақырамын. Себебі елдің болашағы қашан да халықтың қолында. Мен де қарапайым халықтың қатарындағы азаматпын. Менің де дауысым маңызды деп ойлаймын. Бүгін өз таңдауымды жасадым", - деді чемпион.
Сурет: Жамбыл облысының әкімдігі
Жамбыл облыстық аумақтық референдум комиссиясының мәліметіне сәйкес, референдум комиссиялары өздеріне жүктелген міндеттерге байланысты, референдумға қатысуға құқығы бар азаматтарды тізіммен таныстыру, оларды нақтылау және оларға дауыс беру күні, уақыты, орны туралы хабардар ету бойынша қажетті шаралар қабылдады.
Сурет: Жамбыл облысының әкімдігі
Нақтырақ айтқанда, облыс бойынша референдумғақатысуға құқығы бар 717039 азаматтарға шақыру қағаздарын таратуға 2 566 комиссия мүшелері, 2 865 еріктілер және 388 полиция қызметкерлері жұмылдырылып, барлығы 410 мыңнан астам аула, пәтерлер араланып, жалпы саны – 716 680 дана бірыңғай белгіленген форматта шақыру қағаздары таратылып, кері байланыс орнатылды.