Шетелде 13 учаскенің жұмысы аяқталды: 7 мыңнан астам қазақстандық дауыс берді

Сурет: election.gov.kz
Сағат 19.00-дегі жағдай бойынша шетелде 13 учаскенің жұмысы аяқталды, 7358 астам Қазақстан азаматы өз дауысын берді (дауыс беруге 59,79 % қатысты), деп хабарлайды Zakon.kz.

Орталық сайлау комиссиясының мәліметінше, 60 сайлау учаскелері әлі өз жұмысын жалғастырып жатыр. Атап айтқанда, Орталық Азия, Таяу және Орта Шығыс, Еуропа, Оңтүстік Америка және АҚШ елдерінде. Тағы бір Сан-Франциско қаласындағы учаске Астана уақыты бойынша сағат 20:00-де ашылады.

Еске салайық, Қазақстанның шет елдердегі мекемелері жанынан 59 мемлекетте 74 учаскелік референдум комиссиясы құрылған еді, дауыс беретін сайлаушылардың жалпы саны - 12 307. 

Бүгін, Астанада Халықаралық байқаушыларға қолғабыс көрсету орталығында, Шанхай ынтымақтастық ұйымы (ШЫҰ), Түркі мемлекеттерінің ұйымы (ТМҰ) және Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңес (АӨСШК) сияқты халықаралық ұйымдар байқаушыларының қатысуымен бірқатар брифингтер өтті. 

Миссия басшылары атап өткендей, республикалық референдум Қазақстанның қолданыстағы заңнамасына және халықаралық міндеттемелеріне сәйкес өтіп жатыр. Олардың пікірінше, референдум ашық, еркін және заңды болып табылады, олармен учаскелерде бірде-бір бұзушылық анықталған жоқ. 

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Желідегі видео: жолда көліктерімен ойына келгенін істеген топ жас полицияға жеткізілді

Селин Дион ауыр дерттен кейін сахнаға оралды

Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы 2026 жылғы 1 шілдеде күшіне енеді

Астана, Алматы, Шымкент. Алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы