Астана мен Алматыда арнайы операция жүргізілді: Қаржы министрлігінің қызметкерлері әшкереленді

Фото: Zakon.kz
Қазақстанның екі ірі қаласында Қаржы министрлігінің басқарма басшылары ұсталды. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет өкілі Данияр Биғайдаровтың айтуынша, олар кәсіпкердің 68 миллион теңге ақшасын алдау арқылы иемденіп алған, деп хабарлайды Zakon.kz.

Брифинг барысында Биғайдаров компанияға 570 миллион теңге салықтың негізсіз қосымша есептелуі, толық сомасына азайтылуы шартымен делдал арқылы осы компанияның өкілімен байланысқа шығып, ақпаратқа қол жеткізді деген күдік бар екенін түсіндірді.

"Кейін бұл мәселені шешеміз деген сылтаумен министрліктің қызметкерлері оның 68 миллион теңге ақшасын иемденіп, делдал парамен ұсталды." Данияр Биғайдаров

Одан әрі ол соттың санкциясымен күдіктілер электронды бақылау құралдары арқылы үйқамаққа алынғанын атап өтті.

Қылмыстық құқық бұзушылыққа басқа да лауазымды тұлғалардың қатысы бар-жоғы тексерілуде.

"Тергеу жалғасуда", — деп қорытындылады ол.

Бұған дейін Астана тұрғынының "Антикорға" пара беруге үгіттеу туралы хабарлағаны үшін 4,4 миллион теңге сыйақы алғаны белгілі болған.

Қазақстан
Астана

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астанада Құрылтай сайлауы күні 25 сәби дүниеге келді

Қазақстандық таеквондошы Қытайдағы халықаралық турнирде қола медаль иеленді

Құрбысы екеуі мотоциклмен келе жатып арқанға соғылған: Риддерде оқушы қыз қаза тапты

Самокат енді ойын-сауық құралы емес: Бас прокуратура қазақстандықтарға жаңа ережелерді еске салды

2026 жылғы 1 шілдеден бастап Салық кодексінде не өзгереді