Алматы әкімдігінде Паралимпиада ойындарының қатысушысы Кәмиля Досмалованы құттықтады

Сурет: Алматы әкімдігінің баспасөз қызметі
Кәмиля Досмалова — пара-таеквондодан халықаралық дәрежедегі спорт шебері, ол Парижде өткен XVII жазғы Паралимпиада ойындарында бесінші орын алды.

Алматы әкімінің орынбасары Бейбіт Шаханов спортшы мен оның жеке жаттықтырушысы Әнуар Үсеновты ерік-жігер мен табандылықтың үлгісін көрсеткендерін атап өтіп, табысты өнер көрсетуімен құттықтады.

Кездесу барысында Бейбіт Шаханов Кәмиля Досмалова мен оның жаттықтырушысына Премьер-Министр Олжас Бектеновтың атынан алғыс хаттар табыс етті.

Бейбіт Шаханов сонымен қатар Кәмиля Досмаловаға 2 миллион теңгелік ақшалай сертификат, ал Әнуар Үсеновке 1,5 миллион теңгелік сертификатты тапсырды. Сонымен қатар, спортшыға қызметтік баспана берілді.


"Бізге қолдау көрсеткен барлық қазақстандықтарға, сондай-ақ Алматы әкімдігіне зор алғысымды білдіремін. Бұл қолдау менің болашақ жетістіктеріме негіз болады", — деді Кәмиля Досмалова.

Өткен Паралимпиадада Қазақстан құрамасы рекордтық тоғыз медаль жеңіп алды, оның ішінде 2 алтын, 3 күміс және 4 қола.

Қазақстан
Алматы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Алматы, Астана, Шымкент: алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

Мемлекеттік наградалар қатары тағы да толықты

Атырауда колонияға тыйым салынған затты тағам арасына жасырып өткізбек болғандар ұсталды

Елена Рыбакина Цинциннати турнирін жеңіспен бастады

Qazaqstan Barysy-2026 супертурнирінің ширек финалына шыққан балуандар анықталды