Қару-жарақ берілмейтіндерге берілді: Маңғыстауда полиция бастығы жазаланды

Фото: Zakon.kz
Маңғыстау облыстық полиция департаменті басшысының бұйрығымен қадағалау органының актісін уақтылы қарамағаны үшін Түпқараған аудандық полиция бөлімі бастығының міндетін атқарушы тәртіптік жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы 9 қазанда облыстық прокуратураның баспасөз қызметі айтты.

"Прокурорлар азаматтық қаруды сатып алуға рұқсат беру кезінде заң бұзушылықтарды анықтады, денсаулыққа қасақана жеңіл зиян келтіргені және тұрмыстық зорлық-зомбылық жасағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылған тұлғалардың рұқсат алғаны анықталды. Аталған заңбұзушылықтарды жою мақсатында Түпқараған аудандық ішкі істер бөліміне заңда белгіленген бір ай мерзімде қаралмаған ұсыныс енгізілді", — деп хабарлады ведомстводан.

Осыған байланысты полиция бөлімінің басшылығына қатысты тәртіптік іс қозғалды.

Сонымен қатар, прокурордың талабынан кейін заңсыз берілген рұқсаттар жойылып, төрт қару тәркіленді.

Бұған дейін Алматыда көлік жүргізушісінің жақын жерде келе жатқан көлікке оқ жаудырғаны бейнеленген.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

Атырау облысының әкімі Болат Ақшолақов Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды