Алматыда бірнеше ұрлық видеоға түсіп қалды

Фото: Zakon.kz
Бірнеше ұрлық жасады деген күдікпен Шығыс Қазақстан облысының 26 ​​жастағы тұрғыны ұсталды.

Тергеудің қазіргі кезеңінде күдіктінің бөтеннің мүлкін ұрлаудың екі дерегіне қатысы бар екендігі белгілі болды.

Бірінші жағдайда жас жігіт үйдің кіреберісінде электросамокатты, екіншісінде спорттық күрте мен үш телефонды ұрлап кеткен.

Күдікті ұсталып, қамауға алынды. Ол бұрын қарақшылық шабуыл жасағаны үшін сотты болған, – деді Медеу аудандық ПБ-ға қарасты полиция бөлімінің бастығы Әбдінұр Тасыбаев.

ҚР ҚК-нің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат тергеу мүддесіне орай жария етілмейді. ҚР Конституциясының 77-бабы 3-бөлімі 1-тармағы, ҚР ҚК-нің 19-бабы 1-тармағына сай кез келген азамат сот шешімі заңды күшіне енгенге дейін кінәсіз деп саналады.

Қазақстан
Алматы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстандағы зейнеткерлер қандай жеңілдіктер мен көмекке үміткер бола алады және оларды қалай алуға болады

Астана, Алматы, Шымкент. Алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

"Тұман түсіп, күн суытады". Дүйсенбіде еліміздің бірқатар өңірінде дауылды ескерту жарияланды

Уәлибек Әбдірайымов Қайрат Нұртасты қатты жамандап тастады

Мемлекет басшысы "Жасанды интеллект туралы" Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды