Қазақстан бензин, дизельдік отын және кейбір мұнай өнімдерін экспорттауға тыйым салу мерзімін ұзартты

Фото: Zakon.kz
Энергетика министрлігі, Ұлттық қауіпсіздік комитеті, Қаржы министрлігі және Ішкі істер министрлігі 2024 жылғы 8 қазандағы "Қазақстан Республикасының аумағынан мұнай өнімдерін әкетудің кейбір мәселелері туралы" бірлескен бұйрық қабылдады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қазақстан Республикасының аумағынан, оның ішінде Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттерге автомобиль көлігімен бензинді, дизельдік отын мен мұнай өнімдерінің жекелеген түрлерін әкетуге алты ай мерзімге тыйым салу енгізілсін, делінген құжатта.

Ерекшеліктер:

Бұйрық 2024 жылғы 29 қыркүйекте күшіне енді.

Еске салайық, бұған дейін Қазақстанда биылғы жылдың 29 наурызында енгізілген мұнай өнімдерін экспорттауға алты айға тыйым салынған болатын.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Абай облысында сотталғанға телефон жеткізбек болған азамат анықталды

12 қыркүйектегі валюта бағамы қандай

Астана, Алматы, Шымкент. Алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

Қырғызстандық продюсер: қазақстандықтар Канье Уэстті "тартып алды" - енді Шакираның концерті де күмәнді

Астанадан Алматыға ұшып шыққан ұшақта әйел адамның жағдайы күрт нашарлаған