Талғарда қаза тапқан жасөспірімнің үйі өртенді: ІІМ бірінші орынбасары оқиға орнында жүр

Сурет: видео скрині/ІІМ
Талғарда қаза тапқан жасөспірімнің үйі өртенді. Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары Бауыржан Аленов қазір оқиға орнында жүр, деп хабарлайды Zakon.kz.
"Ішкі істер министрінің тапсырмасы бойынша мен оқиға орнына келдім. Жедел-тергеу тобы құрылды. Менімен бірге Ішкі істер министрлігінің өкілдері қызмет атқарып жатыр", - деді ол.

Оның айтуынша, бейнежазбалар тексеріліп, куәгерлерді анықтау жұмыстары жүргізіліп жатыр. Қылмыскерлер ұсталып, жауапқа тартылады.

"Қылмыстық іс министрдің ерекше бақылауында, - деді Бауыржан Аленов.
Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Жерде геомагниттік толқулардың жаңа толқыны күтіледі: болжам туралы не белгілі?

26 қазанда Астана мен Алматыдағы ақша айырбастау орындарында доллар, еуро және рубль қанша тұрады

Аралға құстар қайта оралып жатыр: тартылған теңіз жағалауындағы жаңа тіршілік

11 градусқа дейін аяз: Қазақстанның қай өңірлерінде үсік жүреді

Қызылордада жасөспірім бұрауыш жарақатынан көз жұмды: қайғылы оқиғаға 1000 теңге себеп болуы мүмкін