"Қар, тұман, көктайғақ". Еліміздің 11 өңірінде дауылды ескерту жарияланды

Синоптиктер 14 қазанда еліміздің 11 өңірінде дауылды ескерту жариялады, деп хабарлайды Zakon.kz "Қазгидромет" РМК баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

Түнде Абай облысының батысында, солтүстігінде қар жауады, облыстың оңтүстігінде жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ болады деп күтіледі. Түнде және таңертең облыстың шығысында, оңтүстігінде тұман түседі. Облыстың оңтүстік-батысында солтүстіктен, солтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды.

Түнде Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында қар, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде жауын-шашын (жаңбыр, қар) жауады деп болжанады. Облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде көктайғақ болады деп күтіледі. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде, шығысында тұман түседі.

Батыс Қазақстан облысының солтүстік-батысында, солтүстік-шығысында жоғары өрт қаупі, облыстың батысында, оңтүстігінде, солтүстігінде, шығысында төтенше өрт қаупі сақталады. Орал қаласында төтенше өрт қаупі сақталады.

Қызылорда облысының орталығында, солтүстігінде төтенше өрт қаупі, облыстың батысында жоғары өрт қаупі сақталады.

Түркістан облысының таулы аудандарында аздап жаңбыр жауады, облыстың солтүстігінде, батысында, оңтүстігінде, таулы аудандары мен тау бөктерінде найзағай ойнап, күн райы бұзылады деп күтіледі. Түнде және таңертең тауда тұман болады. Облыстың таулы аудандарында солтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды. Облыстың шөлейтті аудандарында төтенше өрт қаупі (5 класс) сақталады. Шымкентте кей уақыттарда найзағай ойнайды деп күтіледі.

Күндіз Жамбыл облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында қатты жаңбыр жауады деп күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында найзағай ойнап, күн райы бұзылады деп күтіледі. Түнде және таңертең облыстың таулы аудандарында тұман түседі. Облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында солтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с, күндіз облыстың таулы аудандарында 25 м/с дейін жетеді. Таразда күндіз қатты жаңбыр жауады деп күтіледі. Кей уақытта найзағай ойнайды.

Алматы облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні - 18-23 м/с. Қонаев қаласында да солтүстік- шығыстан жел соғады, екпіні - 18 м/с.

Атырау облысының батысында, солтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.

Ақтөбе облысының шығысында, орталығында солтүстік-шығыстан, солтүстіктен соққан желдің екпіні 15-18 м/с құрайды. Облыстың солтүстігінде жоғары, батысында, оңтүстік-шығысында төтенше өрт қаупі сақталады. Ақтөбе де жоғары өрт қаупі сақталады.

Күндіз Солтүстік Қазақстан облысында оңтүстік-батысында солтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды.

14 қазанда Ақмола облысындағы жолдарда көктайғақ болады деп күтіледі. Түнде және таңертең облыстың батысында, оңтүстігінде тұман түседі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың батысында, оңтүстігінде, шығысында соққан желдің екпіні 15-20 м/с дейін жетеді. Астанада да көктайғақ болады деп күтіледі.


Қазақстан
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз: