Ол өңірлерде фермерлер кадрды қайдан алу керек деген бір сұрақты көтеріп отырғанын атап өтті.
"Ауылда бос жұмыс орындарының көп екенін айтады, бірақ ауылдарда жұмыссыз деп жазылып, жәрдемақы алып жатқан жоқ.Бұл ерекше қажеттіліктері бар адам болған кезде түсінікті, бірақ сау адам жұмыссыздық бойынша жәрдемақы алса ше? Жұмыс көп, бірақ ешкім бармайды.Біз жалқаулықты дамытып жатырмыз, осы жұмыссыздық жәрдемақысы себеп және бізді осындай жалқау өмір салтына итермелейді", — деп есептейді парламентарий.
Бұған жауап ретінде Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпова әлеуметтік төлемдер Әлеуметтік сақтандыру қорынан төленетінін еске салды.
"Егер азамат жұмыс істеп, жұмысынан айырылса, тек осы жағдайда ғана алты айға дейін жұмыссыздық бойынша жәрдемақы төленеді. Басқа азаматтарға мұндай жәрдемақы төленбейді. Республикалық бюджеттен мұндай төлемдер жоқ", — деп түсіндірді ол.
Бұл ретте Еңбек министрлігінің басшысы тұрғындардың жұмысқа деген құлшынысы жоқтығын атап өтті.
"Адамдар субсидияланатын жұмыстарды немесе үкімет ұсынатын басқа жұмыстарды қабылдамайды. Бірақ Солтүстік Қазақстан облысының Сергеевка ауылына 600 мың теңге жалақы алатын дәнекерлеуші керек. Мұндай жұмысты жасағысы да келмейтін азаматтар бар", — деді Жақыпова.
Осы орайда еңбекке деген сүйіспеншілікті бала кезінен, отбасында тәрбиелеу қажеттігін айтты.
"Салыстыру үшін: Қытайда балаларды еңбекке баулиды, яғни жастайынан отбасында еңбекке деген сүйіспеншілікті оятады... Мұны тәрбие, идеологиялық жұмыста ғана емес, заңнамалық тұрғыдан да реттеу қажет. Адам жұмыс істеуден бас тартқан кезде заңнаманы қатайту керек...", — деп түйіндеді сөзін министр.
2024 жылғы 14 қазанда Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпова еңбек нарығындағы қиындықтарды айтты.
Оқи отырыңыз