Сауда-саттықтың қорытындысы бойынша доллардың орташа сараланған бағамы тағы 2,75 теңгеге төмендеп, 484,11 теңгені құрады.
Юаньнің орташа сараланған бағамы да төмендеп, 68,29 теңгені (-1,04) құрады.
Ақша айырбастау орындарында доллар 484,1-486,5 теңгеге, еуро 528-532 теңгеге, ресей рублі 5,01-5,11 теңгеге сатылуда.
Бұл ретте 14 қазандағы аукционда мұнайдың әлемдік бағасы төмендеп жатыр.
Осылайша, ICE Futures электрондық саудасында желтоқсан айындағы Brent фьючерстерінің құны 1,38%-ға төмендеп, барреліне $77,95 құрады.
NYMEX электрондық саудасында WTI маркалы мұнай фьючерстерінің қараша айындағы бағасы дәл осындай 1,38%-ға арзандап, барреліне 74,52 долларды құрады.
Таңертең Ұлттық банк доллар бағамын 487,37 теңге, еуроны 532,94 теңге, рубльді 5,09 теңге деп белгіледі.