Алматы әуежайында Visit Almaty жаңа ақпараттық орталығы ашылды

Сурет: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі
Алматы халықаралық әуежайының жаңа терминалында Visit Almaty ақпараттық орталығы жұмысын бастады. Бұл қаладағы әртүрлі жерлерде орналасқан ақпараттық орталықтар желісінің оныншы нүктесі.

Орталық тәулік бойы жұмыс істейді. Халықаралық, сондай-ақ ішкі туристерге ақпараттық және кеңес беру көмегін ұсынады. Күндізгі және түнгі ауысымда жұмыс істейтін білікті кеңесшілер шетелдік туристерге қаладағы бағыт-бағдар бойынша, көрікті жерлерді табуға көмектеседі. Сонымен қатар, мәдени іс-шаралар мен туристік маршруттарға қатысты сұрақтарға жауап береді.

Орталықта туристер үшін арнайы аймақ жабдықталған. Бұл аймақта туристер жүк сөмкелерін жоғалтып алған жағдайда немесе басқа да күтпеген жайттар орын алған сәтте, тек көмек алып қана қоймай, өз мәселелерінің шешімін қолайлы жерде күтуге мүмкіндік алады.

Visit Almaty ақпараттық орталықтары туристерге маңызды ақпарат пен қызметтерге қолжетімділікті едәуір жеңілдетіп, туристік инфрақұрылымды дамытуға және қаланың туристер арасындағы тартымдылығын арттыруға ықпал етеді.

Қазақстан
Алматы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

31 қазанда Астана мен Алматыдағы ақша айырбастау орындарындағы валюта бағамы

Тоқаев "Халықтық құрылыс" бағдарламасына бөлінген қаражатты бақылауды тапсырды

1 қарашада қай өңірлерде қолайсыз ауа райына байланысты ескерту жасалды

Асыл Айтақын күрестен әлем чемпионатында қола жүлдеге бір қадам жетпей қалды

Тоқаев Марокко мен Кубаға жаңа елшілерді тағайындады: олар туралы не белгілі