Алматыда Қытай азаматынан 4,5 мыңға жуық ақбөкен мүйізі тәркіленді

Фото: Zakon.kz
Арнайы іс-шараны Алматыда криминалдық полицияның "Киберпол" қызметкерлері жүргізген.

Жетісу ауданындағы жеке үйлердің бірінде 58 жастағы ҚХР-ның азаматы ұсталды. Оны тінту кезінде ақбөкен мүйізі салынған 50 қорап табылды және тәркіленді.

Ер адамның айтуынша, ол Қызыл кітапқа енген элементтерді Алматы облысынан сатып алып, емдік мақсатта өз еліне тасымалдауды жоспарлаған.

Ақбөкенді заңсыз жою, сондай-ақ оны немесе оның дериваттарын, оның ішінде мүйіздерін алу, сақтау, өткізу, импорттау, кіргізу, жөнелту, тасымалдау деректері бойынша қылмыстық іс қозғалды.

"Ақбөкен мүйіздерін сату арнасы анықталуда", – деді Алматы қалалық ПД криминалдық полиция басқармасының бастығы Талант Исаев.

ҚР ҚК-нің 201-бабына сәйкес, өзге ақпарат тергеу мүддесіне орай жария етілмейді.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Әр адамға 8 сағат ұйқы қажет емес: маман ұйқы режимі туралы айтты

9 қыркүйекте Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай

Қырғызстандық продюсер: қазақстандықтар Канье Уэстті "тартып алды" - енді Шакираның концерті де күмәнді

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Астана, Алматы және Шымкенттегі валюта бағамы – 10 қыркүйек