Бір күн бұрын төмендеген доллар бағамы 22 қазандағы саудада күрт көтерілді

Фото: Zakon.kz
Қазақстан қор биржасында (KASE) 2024 жылғы 22 қазанда сағат 15:30-да шетел валюталары бойынша күнделікті сауда-саттық жабылды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Сауда-саттықтың қорытындысы бойынша доллардың орташа сараланған бағамы бірден 2,44 теңгеге көтеріліп, 484,19 теңге болды.

Юаньнің орташа сараланған бағамы төмендеп, 67,70 теңгені (-0,11) құрады.

Ақша айырбастау орындарында доллар 485,7-488,7 теңгеге, еуро 525-529 теңгеге, ресей рублі 4,97-5,09 теңгеге сатылуда.

Бұл ретте 22 қазандағы аукционда мұнайдың әлемдік бағасы төмендеп жатыр.

Осылайша, ICE Futures биржасында электронды саудада желтоқсан айындағы Brent фьючерстерінің құны 0,65%-ға төмендеп, барреліне 73,81 долларды құрады.

NYMEX электрондық саудасында WTI маркалы мұнайдың желтоқсандағы фьючерстері 0,64%-ға төмендеп, барреліне 69,59 долларды құрады.

Ұлттық банк таңертең доллар бағамын 481,68 теңге, еуроны 522,48 теңге, рубльді 5 теңге деп белгіледі.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент. Алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

"Тұман түсіп, қатты жел тұрады". Дүйсенбіде еліміздің басым бөлігінде дауылды ескерту жарияланды

Қазақстанда бір күнде 12 орман өрті тіркелді

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы 2026 жылғы 1 шілдеде күшіне енеді