Орманнан табылған алты балалы отбасы Қазақстаннан шығарылды

Фото: freepik
2024 жылдың көктемінде Павлодар облысындағы орманнан табылған алты балалы шетелдік отбасы Қазақстаннан шығарылды. Олар елге 2016 жылы келген, осылайша көші-қон заңнамасын бұзды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Мамыр айында отбасын Павлодар облысының Кеменгер ауылының жергілікті тұрғындары тапты. Кейінірек балалардың әкесі Ресей азаматы, ал анасы Украинадан келгені белгілі болды.

Павлодардың әкімшілік құқық бұзушылық жөніндегі мамандандырылған сотының қаулысында Ресей азаматы Қазақстанға 2016 жылғы 20 маусымда келгені және 2016 жылғы 17 қыркүйекке дейінгі мерзімге "жеке" мақсатымен уақытша тіркелгені атап өтілді.

irbistv.kz жазғандай, азамат мерзім аяқталғаннан кейін елден кетпеген.

"Осылайша, заңнамада белгіленген мерзім өткеннен кейін он тәуліктен асатын кезең ішінде кетуден жалтарған, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әкімшілік құқық бұзушылық жасады", – делінген ресми құжатта.

Сонымен қатар, Украина азаматы Қазақстанға 2016 жылдың 20 маусымында бір айға келген. Дегенмен ол да уақытында кетпеген. 

Нәтижесінде сот ресейлік әкеге үш тәулікке қамауға алу және Қазақстаннан шығару, Ал украиналық анаға тек шығарып жіберу туралы шешім қабылдады.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды