Дрондар шоуы Республика күнін мерекелеу аясында алматылықтарды қуантпақ

Сурет: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі
Қазақстан Республикасы күні орай 2024 жылы 25 қазанда сағат 21.00-де Абай алаңында, Республика Сарайының (Достық даңғылы, 56) алдында және 21.30-да "Астана" алаңында дрондар шоуы өтеді.

Іс-шара республика күніне арналған мерекелік іс-шаралардың бірі болып, қала тұрғындары мен қонақтары үшін таңғажайып көрініс ұсынады. Шоу шамамен 20 минутқа созылып, Алматының аспаны жарқыраған тамаша қойылымға айналады.

Дрондар шоуының ұйымдастырушылары 500-ден астам дронды аспанға ұшырып, ұлттық мәдениет элементтері мен ел тарихындағы маңызды сәттерді бейнелейтін визуалды 3D бейнелерін жасайтын ерекше бағдарлама дайындаған. Жарық қондырғыларын ұлттық бірлік пен мақтаныш рухын айқындайтын музыкалық шығармалар сүйемелдейді.

Дрондар шоуы мерекені тойлаудың инновациялық тәсілі ретінде Қазақстанның технологиялық даму мен экологиялық бастамаларға деген талпынысын көрсетеді. Дәстүрлі отшашудың орнына дрондарды пайдалану бірегей визуалды эффект қана емес, сонымен қатар қоршаған ортаға әсерді азайтуға мүмкіндік береді. Шоу қауіпсіздік талаптарын сақтай отырып ұйымдастырылған.

Бұған қоса, 25 қазан күні сағат 20.00-де Республика күніне орай Көктөбе телемұнарасында мерекелік сәулеттік жарықтандыру қосылады. Естеріңізге сала кетейік, телемұнараның жарықтандыру жүйесі 30 тамызда іске қосылып, Алматының жаңартылған сәулеттік жарықтандыру элементтерінің біріне айналды.

Қазақстан
Алматы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда қалың қар мен нөсер жаңбыр жауып, -9 градусқа дейін аяз болады

29 қазандағы Астана, Алматы және Шымкенттегі айырбастау пункттеріндегі валюта бағамы

Синоптиктер болжамды өзгертті: Алматыда жаңбыр мен үсік болмайды

Қазақстанда жыл сайын 260 млн текше метрге дейін су үнемдеу жоспарланып отыр

Қазақстанда білім басқармаларының міндеттері мен өкілеттіктері өзгерді