Орал әкімінің орынбасары тағайындалды

Сурет: t.me/batystoday
Аслан Тапишев Орал әкімінің орынбасары болып тағайындалды, деп хабарлайды Zakon.kz.
"Орал әкімінің өкімімен Тапишев Аслан Нұрланұлы Орал қаласы әкімінің орынбасары болып тағайындалды", - делінген хабарламада.

Аслан Тапишев 1985 жылы Батыс Қазақстан облысында дүниеге келген. Білімі – жоғары. Жәңгір атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университеті мен Батыс Қазақстан инженерлік-гуманитарлық университетінің "Ветеринарлық медицина" және "Құқықтану" мамандықтары бойынша тәмамдаған.

Еңбек жолын "Жасыл ел" жастар еңбек жасақтарының республикалық штабы" БҚО филиалының басшысы қызметінен бастады. БҚО қоғамдық даму басқармасының "Жастар ресурстық орталығы" КММ басшысы болып еңбек етті.

2020 жылдан бастап Батыс Қазақстан облыстық "Азаматтық Альянсы" Қауымдастығы" заңды тұлғалар бірлестігінің президенті қызметін атқарды. Тапишев Аслан Нұрланұлы қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар, ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімдерінің қызметіне жетекшілік етеді.

Орал

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Әр адамға 8 сағат ұйқы қажет емес: маман ұйқы режимі туралы айтты

Қырғызстандық продюсер: қазақстандықтар Канье Уэстті "тартып алды" - енді Шакираның концерті де күмәнді

9 қыркүйекте Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай

Астана, Алматы және Шымкенттегі валюта бағамы – 10 қыркүйек

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді