Алматыда магистральды көшелердің жарықтандыру жүйесі жаңартылды

Сурет: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі
Алматыда негізгі магистральдардағы сыртқы жарықтандыру желілерінің 45 шақырымы жөнделді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қала әкімдігінің ақпаратынша, жөндеу барысында зақымдалған шамдар ауыстырылып, жаңа кабельдер тартылды.

"Тек қазан айында Достық, Рысқұлов, әл-Фараби даңғылында, сондай-ақ Керей-Жәнібек хандар, Бұқтырма, Майлин көшелерінде және ШААЖ-да 700-ге жуық істен шыққан шам ауыстырылды". Алматы қаласы әкімдігі

Сондай-ақ:

Сурет: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Жыл басынан бері қалада 30 мыңнан астам жарық шам ауыстырылып, 300 шақырымнан астам кабель тартылды.

"Барлық жұмыс көшелер санатына сәйкес жарықтандыру стандартына сай орындалып, қала тұрғындарының қауіпсіздігі мен жайлылығын қамтамасыз етеді",- делінген әкімдік ақпаратында.

Бұған дейін Алматыда "Медеу" БСК-ға дейінгі жол 14 жылда алғаш рет жөнделтіндігі хабарланған болатын.

Қазақстан
Алматы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

24 қазанда Астана мен Алматыдағы айырбастау орындарындағы валюта бағамы

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті

Каспий теңізінің тартылуынан Ресей аумағы ұлғайды

Атырауда жоғары лауазымды шенеуніктің мәйіті табылды

Мемлекет басшысы Қазақстан халқын Республика күнімен құттықтады