Жамбыл облысында 105 борышкердің көлігі айыптұраққа қойылды

Фото: Zakon.kz
2024 жылдың 30 қазаны мен 3 қараша аралығында Жамбыл облысында "Борышкер – 2024" жедел алдын алу іс-шарасы өткізілуде.

Профилактикалық іс-шараның мақсаты – құқық бұзушылардан салынған айыппұлдарды өндіріп, сондай-ақ халықты әкімшілік айыппұлдарды уақытылы өтеу қажеттілігі туралы хабардар ету.

Жолдағы рейдтер кезінде патрульдік полиция қызметкерлері борышкерлердің тиісті дерекқоры бойынша көліктердің нөмірлерімен тексеруде. Егер жүргізуші осы тізімнен табылса, көлік қарызы өтелгенге дейін айып тұрағына қойылады.

"Рейдтің бірінші күнінде өндірілген сома 14 миллион 950 мың теңгені құрады. Полиция қызметкерлері борышкерлердің 678 мекенжайы бойынша аулаларын аралап шықты. Сот орындаушыларының қаулыларына сәйкес, мамандандырылған айып тұрағына 105 борышкердің автокөлігі қойылды", – деді Жамбыл облысы ПД әкімшілік полиция басқармасының бастығы Николай Сон.

Естеріңізге салсақ, әкімшілік айыппұлды жеті күн ішінде өтесеңіз, айыппұл сомасының 50 пайыз мөлшерінде төлеуге мүмкіндік бар. Айыппұлдарды онлайн режимінде электрондық үкімет порталының көмегімен egov.kz және qamqor.gov.kz, екінші деңгейдегі банктердің есеп айырысу-кассалық бөлімшелерінде, сондай-ақ олардың мобильдік қосымшалары арқылы тексеруге және төлеуге болады.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет басшысы Ербол Хамитовты III дәрежелі "Барыс" орденімен марапаттады

Мемлекет басшысы Ресей Премьер-министрі Михаил Мишустинді қабылдады

Димаш Құдайберген маңызды үндеу жасады

Дабылды ескерту: Қазақстанда найзағай мен дауыл күтілуде

Қасым-Жомарт Тоқаев: Жаңа Конституция – әр азаматқа тең мүмкіндік пен стратегиялық даму кепілі