Елімізде пәтер жалдау құны арзандады

Фото: Zakon.kz
2024 жылдың қазан айында жалдамалы тұрғын үй бағасы төмендеді — қыркүйектегі бағамен салыстырғанда шамамен 2%-ға. Тіпті бірқатар қалаларда бұл көрсеткіш 6-10%-ға дейін жетті. Ал Алматыдағы бағалар тек 1%-ға өзгерді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Еліміздің облыс орталықтарында, әсіресе солтүстікте жалға берілетін тұрғын үй арзандады. Мәселен, Петропавлда бағаның төмендеуі шамамен 9%-ды құрады (бүгінде "бір бөлмелі пәтерді" айына 100 мың теңгеге алуға болады), ал Павлодарда бағалар 8%-ға төмендеді (айына 1 бөлмелі пәтерді жалға алу бағасы-110 мың теңге).

Астана мен Шымкентте бағаның 3-4%-ға төмендеуі тіркелді. Мәселен, Елордада Бейбітшілік және келісім сарайы маңынан 1 бөлмелі пәтерді 170 мың теңгеге жалға алуға болады, Шымкентте Әл-Фараби ауданында "бір бөлмелі пәтерді" жалға алу 150 мың теңгені құрайды.

Алматыға келетін болсақ, баға құбылмалы. "Самал" шағынауданында бір бөлмелі пәтерді айына 350 мың теңгеге жалға алуға болады, ал Алатау ауданында 100 мың теңгеге тұруға болады. Алматыда жалпы төмендеу қыркүйек айымен салыстырғанда шамамен 1%-ды құрады.

Жалпы, Қазақстанда ТВ және Wi-Fi-мен жиһаздалған 1 бөлмелі пәтерді жалға алудың орташа бағасы:

Бұған дейін Қазақстанда пәтерді жөндеу кезінде алаяқтыққа тап болмас үшін нені білу керек екендігі хабарланған болатын. 

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

29 қазандағы Астана, Алматы және Шымкенттегі айырбастау пункттеріндегі валюта бағамы

Қазақстанда қалың қар мен нөсер жаңбыр жауып, -9 градусқа дейін аяз болады

Қазақстанда жыл сайын 260 млн текше метрге дейін су үнемдеу жоспарланып отыр

Тоқаев пен Ердоған келіссөз жүргізді

Богдан Вехов шорт-тректен әлемдік тур кезеңінде жүлдеге бір қадам жетпей қалды