Астанадағы Мәңгілік ел даңғылының бір бөлігі уақытша жабылады

Сурет: primeminister.kz
Астанада сағат 08:00-ден 20:00-ге дейін Мәңгілік ел даңғылының бойында Сығанақ көшесімен қиылысатын жерде көлік қозғалысы мен қоғамдық көліктер қозғалысы толығымен шектеледі, деп хабарлайды Zakon.kz.

Елорда әкімдігінің мониторинг және жедел әрекет ету орталығы қала тұрғындары мен Астана қонақтарынан сапарларын алдын ала жоспарлауды сұрады.


"Құрметті елорда тұрғындары мен қонақтары! 3 қарашада сағат 08:00-ден 20:00-ге дейін №№ 12, 15, 15 А, 18, 19, 21, 32, 35, 43, 46, 50, 55 А, 55 Б, 61, 70 бағдарлардың қозғалыс сызбасы уақытша өзгереді. Себебі, LRT эстакадасының уақытша металл тіректерін демонтаждауға байланысты, Мәңгілік ел даңғылы бойында Сығанақ көшесімен қиылысында қозғалыс жабылады", - деп хабарлады мониторинг орталығы.
Астана

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет басшысы Қазақстан халқын Республика күнімен құттықтады

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз

Қасым-Жомарт Тоқаев Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

Қазақстандық балуан Айдос Сұлтанғали әлем чемпионатының қола медалі үшін бақ сынайды