Семейде өртенген сауда үйінің бір бөлігі жолаушылар автобустарының үстіне құлады

Сурет: Абай облысының ПД
Семей қаласында 2024 жылдың 4 қарашасында "Ақшын" сауда үйінің металл конструкциялары автовокзалда тұрған автобустардың үстіне құлады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Абай облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, сағат 12:15-те "102" арнасына орталық автовокзал аумағында орын алған оқиға туралы хабарлама келіп түскен.

"Алынған ақпарат бойынша, автобустардың үстіне "Ақшын" сауда үйінің металл конструкциясы құлап, салдарынан екі автобус зақымданған. Оқиға орнына полиция қызметкерлері жедел жетті", — делінген хабарламада.

Алдын ала мәлімет бойынша, зардап шеккендер жоқ, бірақ көлік паркіне материалдық шығын келген.

Семейдегі "Ақшын" сауда орталығы 2024 жылдың ақпан айында өртенген болатын. Екі қабатты ғимаратта бірінші қабатта тауарлары бар пластикалық бутиктер өртеніп, өрт екінші қабат пен шатырға жайылған.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент. Алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

Ақтауда шетелге заңсыз ақша шығарған компанияға 153 млн теңге айыппұл салынды

"Тұман түсіп, күн суытады". Дүйсенбіде еліміздің бірқатар өңірінде дауылды ескерту жарияланды

КХДР үш сағат ішінде екі баллистикалық зымыран ұшырды

Үкімет қатты пайдалы қазбаларға роялти енгізуге байланысты мәлімдеме жасады