Павлодар қаласында көрші өңірдің екі жасөспірімі есірткімен ұсталды

Фото: Zakon.kz
Павлодар облысында полиция департаментінің есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы жедел іздестіру шаралары барысында Петропавл қаласының 17 жастағы тұрғындарын анықтады.

Тексеру барысында олардың біреуінің үстінен ақ түсті ұнтақ салынған 20 полимерлі пакет тәркіленді. Жастардың уақытша тұрған мекен-жайын тінту барысында салмағы 200 грамнан асатын синтетикалық есірткі заттары, оларды орауға арналған полимерлі пакеттер, электр таспасы және басқа да құрылғылар табылды.

Анықталғандай, олар Павлодар қаласында есірткі мен психотроптық заттарды жанасусыз тарату мақсатында пәтерді жалға алған.

"Есірткі құралдарын немесе психотроптық заттарды заңсыз дайындау, өңдеу, сатып алу, сақтау және өткізу дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде", – деп мәлімдеді Павлодар облысы ПД есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы Тимур Қаржаубаев.

Полиция департаменті осындай қылмыс жасағандар үшін Қазақстан заңнамасында өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылғанын ескертеді.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды