Көктайғақ, бұрқасын, жел: Ақмола облысында полиция 700-ден астам көлікке жол бастап жүрді

Сурет: ҚР ІІМ
Ақмола облысында ауа райының күрт нашарлауына байланысты полицейлер 700-ден астам көлікке жол бастап жүрді, деп хабарлайды Zakon.kz.

6 қарашада Ақмола облысында ауа райының нашарлауына байланысты автожолдардың бірнеше учаскелерінде қозғалысқа шектеулер енгізілген.

Жолда оқыс оқиғалардың алдын алу мақсатында полицейлер көліктерге жол бастап жүрді. Полицейлер жүргізушілерге колоннада жүру ережелерін, белгіленген жылдамдық режимі мен аралықты сақтау қажеттілігін түсіндірді.

Нәтижесінде Астана қаласынан Щучинск қаласына дейін 150 көлік, оның ішінде 100 жеңіл және 50 жүк көлігін ертті. Щучинск қаласынан Астана қаласына 574 көлік, оның ішінде 360 жеңіл және 214 жүк көлігінің қауіпсіздігі қамьамасыз етілді.

Патрульдік полицейлер колонналар құруды және жол бойында көлік құралдарын алып жүруді жалғастырып жатыр. Полиция жүргізушілерден ауа райы нашарлаған кезде елді мекендерден тыс жерлерге шықпауды ескертеді.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Әскери қызметшілерге зейнетақы тағайындау тәртібі өзгерді

Қазақстанда 3 қарашада жаңбыр, қалың қар жауып, үсік жүреді

2 қарашадағы Астана мен Алматы айырбастау пункттеріндегі валюта бағамы

Бір айда 14 мыңнан астам адамға көбейді: Қазақстан халқының саны туралы жаңа дерек жарияланды

Қазақстанда құрылысы аяқталмаған су нысандары қашан пайдалануға беріледі