ІІМ қазақстандықтарға алаяқтықтың жаңа түрлері туралы ескертті

Сурет: polisia.kz
Биыл 10 айда 17 мыңнан астам интернет-алаяқтық тіркелген, деп хабарлайды Zakon.kz polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Eң көп тараған тәсіл – сайттарда, әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде хабарландыру орналастыру арқылы жасалатын интернет-сауда. Алаяқтар тауар немесе қызмет үшін төмен баға көрсетіп, алдын ала төлем немесе толық төлем сұрайды. Жыл басынан бері осындай 6216 қылмыс тіркелді.

Алаяқтардың құрбаны болмау үшін: 

Азаматтар күмәнді брокерлік компаниялар мен инвестициялық жобаларға инвестиция салу арқылы ақшаны тез көбейтудің түрлі схемаларына тап болуда. 1957 қазақстандық тұрғын осындай жүйенің құрбаны болды. Олар өз ақшаларын "жоқ" инвестициялық жобаларға салған. Тіпті, бұл үшін несие алғандар да бар.

Алаяқтар ірі компаниялардың, соның ішінде ұлттық компаниялардың, банктердің, криптобиржалардың атынан жалған сайттар құру арқылы азаматтарды қызықтырады. Бұл ретте “менеджерлермен” және “брокерлермен” барлық қарым-қатынас онлайн режимде өтеді. Қаскөйлер үлкен қаржыны тарту үшін дивидендтерді бір рет төлеуді де жүзеге асырады.

Жиі кездесетін тағы бір әдіс – банктер, құқық қорғау және басқа да мемлекеттік органдардың қызметкерлерінің атынан жасалатын телефон қоңыраулары.

Қазір шетелден жасалған алаяқтық қоңырауларды байланыс операторлары танып, бұғаттайды. Аталған жүйе іске қосылған сәттен бастап 63 млннан астам қоңырау тоқтатылды.

Қазір негізінен sim-box құрылғысының көмегімен шетелдік нөмірлерден және WhatsApp-та қоңырау шалу арқылы жасалған алаяқтықтар тіркелуде. Aғымдағы жылы мұндай 4391 қылмыс жасалды.

Алаяқтардың айла-амалдарына түсіп қалмас үшін: 

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды