Атырау облысында полицейлер жоғалған 70 малды иелеріне тауып берді

Фото: primeminister.kz
Атырау облысы аумағында мал ұрлығының алдын алу және ашу, оларды жасаумен айналысатын тұлғаларды анықтау мақсатында түрлі іс-шаралар өткізіліп тұрады.

Жыл басынан бері мал ұрлығына қатысты полицейлер 27 қылмысты ашқан.

Сондай-ақ жоғалған 70 мал иелеріне қайтарылған. Жүргізілген жедел-іздестіру шаралары нәтижесінде мал ұрлығымен айналысқан 1 қылмыстық топ құрықталып, 7 адам ұсталды.

Атырау облысы полиция департаменті облыс көлемінде мал ұрлығы қылмысының алдын алып, ашуға бағытталған іс-шараларды жүйелі түрде ұйымдастыруда.

Айта өтейік, мал ұрлау, яғни бөтеннің малын жасырын жымқыру – мүлкі тәркіленіп, үш мың айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына, не бес жылға дейiнгі мерзімге бас бостандығын шектеуге, не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Ақмолада 5 және 6-сыныптарды біріктіріп оқыта бастаған: ата-аналар наразылық танытып жатыр

Қазақстандық әйел сөмкесіне патрон салып, басқа қалаға ұшпақ болған

Әзірбайжанда ковидке байланысты карантин режимінің мерзімі 2027 жылға дейін ұзартылды