Еуропадан жеткізілген алма Қазақстан шекарасында заңсыз ұсталды

Фото: primeminister.kz
Бас көлік прокуратурасы Еуропадан әкелінген балғын алмаларды бірнеше күн бойы кедендік рәсімдей алмаған қазақстандық кәсіпкерлердің құқығын қалпына келтірді, деп хабарлайды Zakon.kz

Бұл туралы 8 қарашада Бас көлік прокуратурасы мәлімдеді.

"Кәсіпкерлер Ауыл шаруашылығы министрлігі енгізген шектеулерге байланысты уақытша сақтау қоймаларында жемістердің тонналап бос жатқанына шағымданды. Прокуратураның талдауымен Министрліктің 31 желтоқсанға дейін алма әкелуге тыйым салатын 2024 жылғы 5 қазандағы бұйрығы тек 8 қазанда күшіне енгені анықталды. Ал, алма тиелген 8 жүк көлігі аталған күнге дейін ЕАЭО аумағына келген. Яғни, кәсіпкерлердің бұл тауарларына шектеу шаралары қолданылмайды",- делінген хабарламада.

Көлік прокуратурасы Мемлекеттік кірістер комитетіне қадағалау актісін енгізді.

"Нәтижесінде, кәсіпкерлер уақытша сақтау мерзімі аяқталғанға дейін өз өнімдерін декларациялап, шығынның алдын алды".Бас көлік прокуратурасы

Бұған дейін Алматы қаласында кеңейтілген ауылшаруашылық жәрмеңкесі өткендігі хабарланған болатын.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астанада Құрылтай сайлауы күні 25 сәби дүниеге келді

Құрбысы екеуі мотоциклмен келе жатып арқанға соғылған: Риддерде оқушы қыз қаза тапты

Ақмолалық тұрғын Грузиядан Toyota Highlander сатып алмақ болып, миллиондаған теңгесінен айырылды

Самокат енді ойын-сауық құралы емес: Бас прокуратура қазақстандықтарға жаңа ережелерді еске салды

Қазақстанда кредит қайта кешіріле ме