Алматы қаласында кеңейтілген ауылшаруашылық жәрмеңкесі өтеді
Жәрмеңкеге Жамбыл облысы мен Алматы қаласы ауылшаруашылық өндірушілері қатысады.
Жәрмеңкеге 50-ден астам өнім түрлері (ет және сүт, жеміс-көкөніс, шұжық өнімдері, ұн, жарма, өсімдік және жануар майлары және т.б.) қойылады.
Өнімнің жалпы көлемі 280 тонна құрайды, оның ішінде:
- Ет өнімі – 40 тонна;
- Жеміс-көкөніс өнімі – 120 тонна;
- Сүт өнімі – 60 тонна;
- Балық өнімдері – 5 тонна;
- Өзге өнімдер – 55 тонна.
Жәрмеңке өтетін орын – Алматы қаласы, Сәтбаев көшесінің бойымен Уалиханов көшесі мен Достық даңғылы аралығында.
Ауыл шаруашылығы жәрмеңкесін өткізуге байланысты Сәтбаев көшесінің Уәлиханов көшесінен Достық даңғылына дейінгі бөлігінде 8 қарашада сағат 20:00-ден 10 қарашада 20:00-ге дейін жабылады.
Уақытша қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз және маршрутыңызды алдын ала реттеуіңізді сұраймыз.
Жәрмеңкені өткізу кезінде №45, №95 және №121 бағыттардың сызбалары өзгереді. Жабылатын учаскені айналып өту Абай даңғылы бойынша жүргізілетін болады.
Сурет: Алматы әкімдігінің баспасөз қызметі