Ақтөбе облысындағы тікұшақ апаты: облыс әкімінің орынбасары зардап шеккендердің жағдайын білді

Сурет: видео скрині
Ақтөбе облысы әкімінің орынбасары Жолдас Батырхан Ақтөбедегі көпсалалы облыстық ауруханаға барып, Сарыжар ауылы маңында болған тікұшақ апатынан зардап шеккен азаматтардың жағдайын білді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Мұнда ол Сарыжар ауылы маңында орын алған тікұшақтың апатты жағдайда қонуынан зардап шеккен азаматтардың жағдайын білді.


Дәрігерлердің айтуынша, екі азамат қазіргі уақытта жансақтау бөлімшесінде жатыр. Жағдайлары тұрақты ауыр.

"Бүгінгі жағдайға байланысты марқұм болған азаматтың ата-анасына, ағайын-туысына, жақындарына көңіл айтамыз. Жаңа ғана марқұмның отбасына барып, көңілімізді білдірдік. Облыс әкімдігі тарапынан барлық қажетті қолдау көрсетілетіндігін жеткіздік. Аталған мәселе бойынша іс қозғалып, тиісті шешімдер қабылданады", - деді Жолдас Батырхан БАҚ өкілдеріне берген сұқбатында. 


Еске салайық, бүгін Ақтөбе облысы Мәртөк ауданы Сарыжар ауылы маңында тікұшақ апатты жағдайда қонды. Жапа шеккендер шұғыл ауруханаға жеткізілді. Бір адам 103 қызметі келгенге дейін қаза тапты.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Жерде геомагниттік толқулардың жаңа толқыны күтіледі: болжам туралы не белгілі?

Аралға құстар қайта оралып жатыр: тартылған теңіз жағалауындағы жаңа тіршілік

26 қазанда Астана мен Алматыдағы ақша айырбастау орындарында доллар, еуро және рубль қанша тұрады

11 градусқа дейін аяз: Қазақстанның қай өңірлерінде үсік жүреді

Қызылордада жасөспірім бұрауыш жарақатынан көз жұмды: қайғылы оқиғаға 1000 теңге себеп болуы мүмкін