Қазан айында ең жоғары жалақы кімге ұсынылды

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі 2024 жылғы 12 қарашада Электрондық еңбек биржасында белсенділік төмендеп маусымдық мамандықтарға сұраныс артқанын мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ведомство ақпаратынша, қазан айында Электрондық еңбек биржасында 123,7 мың бос жұмыс орны және 106 мың түйіндеме орналастырылды.

"Алдыңғы аймен салыстырғанда іздеу және жалдау белсенділігі төмендеді: бос жұмыс орындарының саны 9%-ға (13 мың), ал түйіндеме 13%-ға (16,5 мың) азайды. Белсенділіктің төмендеуі білім беру саласындағы сұраныс пен ұсыныстың төмендеуімен түсіндіріледі, оқу орындарында кадрларды даярлаудың аяқталуына байланысты болуы мүмкін",- делінген ақпаратта.

Қазан айында жоғары жалақы ұсынылды:

Жоғары жалақыны сұрағандар:

"Өткен айда қазандық операторлары (+5,9 мың), қазандық машинистері (+1,1 мың) және қазандықтар жұмыскері (+969) үшін бос орындар саны артты. Мұндай мамандарға жоғары сұраныс Батыс Қазақстан (2,9 мың бос жұмыс орны), Ақтөбе (1,3 мың) және Жамбыл (974) облыстарында байқалды. Сұраныстың айтарлықтай өсуі мал өсірушілер мен жануарларды күту жұмыскерлері сияқты мамандықтарға да тіркелді, бұл әсіресе, мал шаруашылығындағы қысқы кезеңге дайындық кезеңінде маңызды".ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі

Өңірлер бөлінісінде ең белсенді білікті кадрларды Қарағанды облысынан (9,5 мың бос жұмыс орны немесе жалпы санының 8%), сондай-ақ Алматы қаласынан (9,3 мың немесе 7,5%), Батыс Қазақстан облысынан (9,2 мың немесе 7,5%) және Астана қаласынан (8,1 мың немесе 7%) жұмыс берушілер іздеді. Бұл ретте қазан айында бос жұмыс орындарының жалпы саны келесі өңірлерде азайды: Алматы (-44%, немесе -3,9 мың), Жетісу (-37%, немесе -1,6 мың) және Астана қаласында (-34%, немесе -4,1 мың).

Сұраныс пен ұсыныстың теңгерімсіздігі кейбір аумақтарда өзекті мәселе болып қала береді. Мәселен, Шығыс Қазақстан облысында 5,5 мың бос орынға 2,5 мың түйіндеме, Солтүстік Қазақстан облысында 4,1 мың бос орынға 2 мың түйіндеме, ал Павлодар облысында 6,5 мың бос орынға 3,4 мың түйіндеме тіркелді. Шымкент қаласында, Қызылорда және Түркістан облыстарында бос орындар санынан тиісінше 54%, 48% және 47%-ға түйіндеменің артық болуы байқалуда.

"Жалпы, қазан айында ЭЕБ белсенділік төмендеді, бұл әсіресе, білім беру саласында байқалып отыр. Сонымен қатар қысқы маусымның басталуы жылу өндірісі жүйесінің жұмысшыларына сұраныстың артуына себеп болды",- делінген ақпаратта.

Бұған дейін Таразда тұрғын үй құрылысы қарқынды жүруде екені хабарланған болатын. 

Қазақстан
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз: