Ауылды аймақтарда жылжымалы дәріханалар пайда болуы мүмкін

Фото: Zakon.kz
ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі Ержан Нұрлыбаев 2024 жылғы 12 қарашада Үкіметте өткен баспасөз конференциясында жылжымалы дәріхана пункттерін іске асыру туралы заң жобасын жариялады. Мақсаты-ауылдық жерлердегі адамдарды дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету, деп хабарлайды Zakon.kz.

Оның айтуынша, еліміздің климаты мен географиялық ерекшеліктерін ескере отырып, сондай-ақ, өңірлердегі халық санының аздығы мен қашықтығын есепке алсақ, ауылда фармацевтикалық пункттің жеке бизнес тарапынан болуы аса ұтымды емес.

"Сондықтан бұл мәселе қазір біз үшін өзекті. Жылжымалы дәріхана пункттері бойынша жобаны іске асыру туралы заң жобасы деңгейінде ұсыныс дайындалуда. Бұл, ең алдымен, шалғайдағы ауылдық елді мекендерде сапалы дәрілік препараттардың болуы жөніндегі мәселені шешуге бағытталған. Осы мәселені шешу бойынша қосымша хабардар етеміз", – деді Ержан Нұрлыбаев.

Бұған дейін, Қазақстанда сұйытылған газдың шекара асуына шектеу тағы біраз уақытқа ұзартылғаны хабарланған болатын.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Павлодарда зейнеткерді тонамақ болған күдікті ұсталды

Жапаров Тоқаевты жалпыхалықтық референдумның табысты өтуімен құттықтады

Қазақстанның үш өңірінде тұрғындар референдумға дауыс беруге кезекте тұр

Мәулен Әшімбаев жаңа Конституцияны қабылдау бойынша референдумда дауыс берді

17 наурыз – "Шаңырақ күні". Қазақта "Шаңырақ көтеру" атты ерекше салт-дәстүр болған