Оңтүстік Қазақстанда жанармай құю бекеті өртенді: зардап шеккендер бар

Фото: Zakon.kz
2024 жылғы 15 қарашаға қараған түні Қызылорда облысы Шиелі ауданның аттас кентіндегі жанармай құю бекеті қызыл жалынға оранды, деп хабарлайды Zakon.kz.

ТЖМ мәліметінше, жанармай құю бекетінде газ-ауа қоспасының тұтануы кейіннен жануына әкеліп, жалын жақын орналасқан 2 қабатты ғимаратқа көшкен.

Өрт сөндірушілер жақын жерде тұрған бензині бар 20 тонналық резервуарды жоғары температурадан жарылуының алдын алу үшін сумен салқындата отырып, 360 шаршы метр аумақтағы өртті жойды.

"Оқиға нәтижесінде 1991 ж. т. ЖМҚС қызметкері ауырлығы орташа дәрежеде ауруханаға жатқызылды",- деп мәлімдеді ТЖМ.

Бұған дейін Жетісуда көлігі бұзылып, ақ түтек боранда қалып қойған адам құтқарылғаны хабарланған болатын.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Жерде геомагниттік толқулардың жаңа толқыны күтіледі: болжам туралы не белгілі?

26 қазанда Астана мен Алматыдағы ақша айырбастау орындарында доллар, еуро және рубль қанша тұрады

Аралға құстар қайта оралып жатыр: тартылған теңіз жағалауындағы жаңа тіршілік

11 градусқа дейін аяз: Қазақстанның қай өңірлерінде үсік жүреді

Қызылордада жасөспірім бұрауыш жарақатынан көз жұмды: қайғылы оқиғаға 1000 теңге себеп болуы мүмкін