Павлодар облысында өгей әке 15 жастағы қызын зорлады деген күдікке ілінді

Сурет: pixabay
Павлодар облысында өгей әке 15 жасар қызын зорлады деген күдікке ілінді. Оқушы қыздың сынып жетекшісі арқылы факт туралы белгілі болды, деп хабарлайды Zakon.kz pavlodarnews.kz-ке сілтеме жасап.

Әлеуметтік желіде облыстың бір ауылында 15 жастағы қызды өгей әкесі зорлады деген ақпарат тарады. Бұл жағдайды бала құқықтары жөніндегі өңірлік уәкілі Сәуле Шәкенева растады.

"Қыздың сынып жетекшісінің арқасында зорлау фактісі туралы анықталды. Күдікті өгей әкесі ұсталды. Қазіргі уақытта қыз ауруханаға жатқызылды. Қызбен психологтар жұмыс істеп жатыр", - деді Сәуле Шәкенева.

Облыстық полиция департаменті зорлау фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады.

Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. ҚР ҚІЖК-нің 201-бабына сәйкес тергеу мүддесі үшін өзге ақпарат жария етілмейді.

Павлодар

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Жерде геомагниттік толқулардың жаңа толқыны күтіледі: болжам туралы не белгілі?

26 қазанда Астана мен Алматыдағы ақша айырбастау орындарында доллар, еуро және рубль қанша тұрады

Аралға құстар қайта оралып жатыр: тартылған теңіз жағалауындағы жаңа тіршілік

11 градусқа дейін аяз: Қазақстанның қай өңірлерінде үсік жүреді

Қызылордада жасөспірім бұрауыш жарақатынан көз жұмды: қайғылы оқиғаға 1000 теңге себеп болуы мүмкін