Қостанай облысында жасөспірім балық аулап жүріп суға батып кетті

Қостанай облысы Қарабалық ауданындағы Тоғызақ өзенінде балық аулап жүрген 13 жастағы жасөспірім суға батып кетті, деп хабарлайды Zakon.kz.

ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, бала 16 қараша күні сағат 16:30 шамасында балық аулауға кеткен, бірақ үйіне оралмаған.

"Баланы іздеуге төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері, полицейлер, еріктілер мен жоғалған адамның туыстары, сондай-ақ кинологтар жұмылдырылды. Құтқарушылар мен еріктілердің жедел әрекетіне қарамастан, қайғылы оқиғаның алдын алу мүмкін болмады. Жасөспірімнің мәйіті табылып, сыртқа шығарылды", - деп хабарлады Төтенше жағдайлар министрлігі.

Қостанай облысының төтенше жағдайлар департаменті марқұмның отбасы мен жақындарына көңіл айтты.

Құтқарушылар балық аулау кезінде қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтау қажет екенін ескертті. Кәмелетке толмағандарды ересектердің қарауынсыз, әсіресе судың температурасы төмендегенде және су маңында қауіп көбейгенде қалдыруға болмайды.

Қазақстан
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз: