Астанада бірден екі ауданның әкімі ауысты

Фото: freepik
Елордада Алматы және Сарайшық аудандарына жаңа әкімдер тағайындалды. Бұл туралы бүгін, 2024 жылғы 18 қарашада қала әкімдігі мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

ҚР Президенті Әкімшілігінің және қалалық мәслихат депутаттарының келісімі бойынша:

Мемлекет басшысының тапсырмасы аясында Сарайшық ауданы әкіміне және Алматы ауданы әкіміне аудан мен тұрғын алаптарды дамыту бойынша бірқатар міндет жүктелді.

Рүстем Тәуекелов еңбек жолын ҚР Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінде бастаған. Әр жылдары "Балкантау KZ" ЖШС басшысы, "Елорда құрылыс компаниясы" ЖШС директорының орынбасары, "City Transportation Systems" ЖШС Басқарма төрағасының орынбасары болып жұмыс істеген.

Сурет: Астана қаласы әкімдігі

2022 жылдың қазан айынан бастап "Елорда құрылыс компаниясы" ЖШС басшысы қызметін атқарды.

Мақсат Саматұлы еңбек жолын 2007 жылы Алматы қаласы Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу департаментінің маманы қызметінен бастаған. Әр жылдары "Астана қалалық коммуналдық шаруашылық", Астана қаласының энергетика және коммуналдық шаруашылық департаментінде және т.б. жұмыс істеді. 2012 жылдан бастап 2019 жылдың мамырына дейін Алматы ауданы әкімінің аппаратында түрлі лауазымдарда болды. 2019 жылдың мамырынан 2022 жылдың тамызына дейін Алматы ауданы әкімінің орынбасары, Байқоңыр ауданы әкімінің орынбасары қызметтерін атқарды.

Сурет: Астана қаласы әкімдігі

2022 жылдың тамыз айынан бастап Алматы ауданының әкімі лауазымында жұмыс істеді.

Бұған дейін Қазақстанда әлеуметтік нысандарға 8 млрд теңге бағытталғаны хабарланған болатын. 

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды