Алматыда 1 қыркүйектен бастап көкөністер белгіленген бағамен сатылады

Зеленый базар, рынок, продукты питания, овощи, овощной отдел, цены на овощи, стоимость овощей, сурет - Zakon.kz жаңалық 10.09.2026 16:45 Фото: Zakon.kz
Алматыда әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының, оның ішінде көкөніс өнімдерінің бағасын тұрақтандыруға бағытталған кешенді шаралар жүзеге асырылып жатыр.

Осы мақсатта "Алматы" ӘКК" АҚ мен Magnum Cash&Carry сауда желісі арасында жасалған тұрақтандыру туралы келісім аясында 2026 жылғы 1 қыркүйектен бастап қалада көкөністер белгіленген бағамен сатылып жатыр.

Бұл механизм 2027 жылы 30 сәуірге дейін қолданылады. Осы кезеңде Magnum Cash&Carry желісі арқылы 9 920 тонна көкөніс өнімін сату жоспарланған. Оның ішінде 4 960 тонна картоп, 1 760 тонна сәбіз, 2 000 тонна пияз және 1 200 тонна қырыққабат бар.

Қазіргі таңда көкөністердің бір килограмына белгіленген шекті баға мынадай: картоп – 214 теңге, сәбіз – 208 теңге, пияз – 139 теңге, қырыққабат – 118 теңге. Шекті бағалар екі апта сайын қайта қаралады.

Көкөніс өнімдерін Алматы қаласындағы Magnum желісінің дүкендерінен сатып алуға болады.

Көкөністерді тұрақтандырылған бағамен сату қала тұрғындары үшін әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдерінің қолжетімділігін қамтамасыз етуге және маусымаралық кезеңде бағаның өсуін тежеуге бағытталған.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: