Досаев Германияның жаңа Бас консулы Маттиас Кислермен кездесті

Сурет: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі
Алматы әкімі Ерболат Досаев тамыз айында қызметіне кіріскен Германияның жаңа Бас консулы Маттиас Кислермен кездесті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы 20 қарашада қала әкімдігі мәлімдеді. 

Кездесу барысында сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық саладағы ынтымақтастық перспективасы, сондай-ақ өңдеу өнеркәсібіне, денсаулық сақтау, экология және цифрландыру саласына инвестиция тарту мәселелері талқыланды.

"Құны 75 млрд теңге болатын жылу оқшаулағыш материалдар шығаратын зауыт құрылысына назар аударылды, ол 300 жұмыс орнын ашады. Жобаны Германиядан келген инвестор Алматы индустриялық аймағының аумағында жүзеге асырады",- делінген әкімдік ақпаратында.

Сонымен қатар, энергетика саласына арналған жабдықтар мен компоненттер өндірісімен айналысатын жетекші трансұлттық компаниялардың бірінің аймақтық сервис хабын орналастыру мүмкіндігі қарастырылды. Бұл хаб Орталық Азия және Кавказ елдеріндегі энергетикалық компанияларға қолдау көрсете алады.

Алматы мен Германия арасындағы тауар айналымы биылғы 9 айда 1 млрд АҚШ долларынан асты. Қалада неміс капиталының қатысуымен 396 кәсіпорын жұмыс істейді, бұл Қазақстан бойынша осындай кәсіпорындардың үштен бірі. Тараптар қарым-қатынасты нығайту мен бірлескен жобаларды жүзеге асыруға дайындық туралы уағдаласты.

Бұған дейін Қазақстанның бүкіл өңірінде 21 қарашада дабыл белгісі қосылатындығы хабарланған болатын. 

Қазақстан
Алматы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанның жаңа Конституциясының толық мәтіні жарияланды

Алматыда 12 жастағы баланы өлтіріп кетті: күдікті – 13 жаста

1 шілдеден бастап БЖЗҚ салымшылары зейнетақы жинақтарының 50% жеке инвестициялық компанияларға бере алады

Шымкентте көлік дүкенге соғылып, өртеніп кетті: екі адам жансақтау бөлімінде жатыр

2026 жылғы 1 шілдеден бастап Салық кодексінде не өзгереді