"Тәтті кәмпит": Қызылордада сотталғанға есірткі жеткізбек болған тұрғынның әрекеті әшкере болды

Сурет: polisia.kz
Қызылорда облысы бойынша ҚАЖД-ның №60 мекемесінде тыйым салынған заттарды өткізу әрекеті анықталып, дер кезінде тоқтатылды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Жазасын өтеушіге кәмпит ішіне жасырылған есірткі заттарын жеткізуге тырысқан азаматша ұсталды. Ол қарақшылық үшін жазасын өтеп жатқан сотталғанға 12 ақ түсті қағазға оралған кәмпит пен бір белгісіз ақ ұнтақты алып келген.

Аталған дерек бойынша Қызылорда қалалық полиция басқармасының жедел-тергеу тобы шақырылды. Тергеу барысында өзіне тән өткір иісі бар жасыл түсті және ақ ұнтақ заттар тәркіленіп, сот-химиялық сараптама тағайындалды. Сараптама нәтижесінде тәркіленген заттардың 31,99 грамм кептірілген марихуана және 0,41 грамм мефедрон екені анықталды.

Осы фактіге байланысты сәлем-сауқат алып келген әйелге ҚР Қылмыстық кодексінің 297-бабының 1-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Аталған бапқа сәйкес, кінәлі тұлғаға 5 жылдан 10 жылға дейін бас бостандығынан айыру және дүние-мүлкін тәркілеу жазасы қарастырылған.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан облысындағы қайғылы жағдайға қатысты көңіл айтты

Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылды Жұмысшы мамандықтары жылы деп жариялады

Түркістан облысында болған өрттен 12 адам қаза тапты

Елордалық фельдшер, марқұм Ұлдана Мырзуан "Ерлігі үшін" медалімен марапатталды

Ақмарал Әлназарова қызмет бабында қаза тапқан Ұлдана Мырзуанның отбасына көңіл айтты