Астанада полиция қызметкеріне шабуыл жасаған ер адам ұсталды

Фото: Zakon.kz
Елордада полицейді соққыға жыққан азамат ұсталды. Оқиға кеше, яғни 2024 жылдың 21 қарашасында, түнде болған, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қаладағы ойын-сауық мекемелерінің бірінде билік өкіліне күш қолданған 31 жастағы күдікті анықталды. Тергеу мәліметінше, жас жігіт дәмханада қоғамдық тәртіпті бұзып, мекемеге келген басқа келушімен жанжалдасып, арты төбелеске ұласқан.

Мекеме маңында екі ер адамның төбелескенін көрген полиция қызметкері оларды тәртіпке шақырмақ болған.

Алайда олардың бірі билік өкіліне күш көрсеткен. Күдікті өз кінәсін мойындады. Осы дерекке қатысты тергеу іс-әрекетері жүргізіліп жатыр.

Ұсталған азамат уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Құқық қорғау органдары азаматтарға билік өкілдеріне зорлық-зомбылық көрсеткен жағдайда қылмыстық жауапкершілік көзделгенін, 15 жылға дейін бас бостандығынан айыруға әкеп соғатынын еске салды.

Қазақстан
Астана

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Бұл – махаббат емес". ІІМ адамды аңдып, қудалағаны үшін жауапкершілік барын ескертті

Жалақыдан ұсталатын салықты есептеу жеңілдейді: Қазақстанда жаңа сервис іске қосылады

Мәскеуден Алматыға ұшқан SCAT ұшағы Астанаға шұғыл қонды

Қазақстанның төрт өңірінде жаңбыр аралас қар жауып, қарлы боран соғады: 9 қарашаға арналған жол болжамы

Ұлттық пантеонда кімдер жерленеді? Үкімет ережеге өзгеріс енгізді