Қазақстандағы антициклон: алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

Фото: unsplash
"Қазгидромет" РМК синоптиктері алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамын ұсынды. Мамандардың деректеріне сәйкес, 2024 жылғы 26, 27 және 28 қарашада Қазақстан бойынша тұрақсыз ауа райы күтілуде. Еліміздің оңтүстігінде желдің екпіні секундына 28 метрге жетеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Метеорологтардың мәлімдемесіне сүйенсек, республиканың басым бөлігінің ауа райын ауқымды антициклон анықтайтын болады, сол себептен жауын-шашынсыз ауа-райы болжанады.

"Тек батыста, оңтүстік-батыста және оңтүстіктің таулы аймақтарында, 28 қарашада күндіз еліміздің солтүстігінде және орталығында атмосфералық фронтальды бөлімдердің өтуімен жауын-шашын (жаңбыр, қар) және көктайғақ болжанады". "Қазгидромет" РМК баспасөз қызметі

Сонымен қатар, республика бойынша тұман және желдің күшеюі 15-20 м/с, еліміздің оңтүстігінде екпіні 23-28 м/с дейін болады деп күтілуде.

"Температуралық фонда күрт өзгерістер күтілмейді", – деп сендірді синоптиктер.

Бұған дейін еліміздегі мұнай қанша жылға жететіндігі хабарланған болатын. 

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

31 қазанда Астана мен Алматыдағы ақша айырбастау орындарындағы валюта бағамы

Тоқаев "Халықтық құрылыс" бағдарламасына бөлінген қаражатты бақылауды тапсырды

1 қарашада қай өңірлерде қолайсыз ауа райына байланысты ескерту жасалды

Асыл Айтақын күрестен әлем чемпионатында қола жүлдеге бір қадам жетпей қалды

Алғашқы финал: Нұрқожа Қайпанов күрестен әлем чемпионатының алтын медалі үшін бақ сынайды