Қазақстан облыстарының бірінде су тасқынына қарсы шараларға бөлінген 300 млн теңге ұрланды

Фото: Zakon.kz
Ақмола облысының арнайы прокурорларымен 300млн. теңгеден астам қаражатты жымқырғаны үшін Атбасар ауданының әкімдігіне қарасты құрылыс бөлімі, "Престиж Строй 7" және "Фундаменталь" ЖШС-нің басшыларына қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру аяқталды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ақмола облысының прокуратурасы берген ақпаратқа сүйенсек, аталған қаражаттар 2021 жылы Үкімет резервінен Атбасар ауданында су тасқыны аймағында тұратын 200 жанұяны көшіру үшін екі 100 пәтерлі үйлерді салуға бөлінген.

Күдіктілер әрекеттері аса ірі көлемде жымқыру – талан-таражға салу, яғни Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 189 бабы 4 бөлігі бойынша сараланды. Көрсетілген бап бойынша мүлкін тәркілеумен қоса 12 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы көзделген.

Екі күдікті сот санкциясымен күзетпен ұстауға, қылмысқа үшінші серіктес үйқамаққа алынды.

Тергеу барысында қылмыстық жолмен алынған мүлік – Алматы, Астана қалаларында коммерциялық жылжымайтын мүлік, арнайы техника, құрылыс құрылғылар және банктық шоттарда 50млн теңгеден астам ақшалай қаражат табылды. Тиым салынған мүліктің бағаланған құндылығы 335 млн теңгеден асты.

Прокурорлармен, аталған мүліктің бір бөлігі жалға беріліп, қылмыстық пайда түсірілгені анықталды.

Сол себепті, бір күдіктінің әрекеті қылмыстық жолмен алынған ақшаны және өзге мүлікті заңдастыру (жылыстату), яғни Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 218 бабы 3 бөлігі бойынша қосымша сараланды. Бұл үшін мүлкін тәркілеумен қоса 10 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы көзделген.

Қазіргі уақытта, қылмыстық процесске қатысушылармен қылмыстық іс материалдарымен танысу жүріп жатыр.

Соңғы нүктені іс бойынша сот қоятын болады.

Қазақстан
ҚР Бас прокуратурасы
Астана

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстандағы зейнеткерлер қандай жеңілдіктер мен көмекке үміткер бола алады және оларды қалай алуға болады

Астана, Алматы, Шымкент. Алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

Ерлан Қарин: Жаңа Конституция ел дамуындағы жаңа тарихи кезеңді бастайды

Қазан айында ел азаматтары қанша күн демалады

"Үсік жүріп, тұман түседі". Синоптиктер еліміздің бірқатар өңірінде дауылды ескерту жариялады