Қызылордада өзгенің көлігін сатып жіберген алаяқ қолға түсті

Сурет: polisia.kz
Қызылорда қаласының тұрғыны алаяқтық әрекетке ұшырағанын айтып, полицияға шағымданды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қыркүйек айында танысы сеніміне кіріп, CHEVROLET автокөлігін тиімді бағаға сатып беремін деп уәде еткен. Сенімге кірген күдікті көлікті иемденіп, артынша сатып жіберген. Көп ұзамай өз әрекетінің құрбаны болғанын түсінген азамат дереу Қызылорда қалалық полиция басқармасына жүгінді.

Жәбірленушіге келген шығын көлемі 6 миллион 300 мың теңгені құрады.

Полиция қызметкерлері жедел-іздестіру шаралары барысында 28 жастағы күдіктіні анықтап, қамауға алды. Қазіргі уақытта күдіктінің өзге де осыған ұқсас қылмыстарға қатыстылығы тексерілуде.

Аталған оқиғаға байланысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп, істің мән-жайы анықталып жатыр.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Атырау облысының әкімі Болат Ақшолақов Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты

Айдос Сұлтанғали Олимпиада жүлдегерін жеңіп, әлем чемпионатында қола медальға ие болды

"Аяз, тұман, көктайғақ". Дүйсенбіде еліміздің 16 өңірінде дауылды ескерту жарияланды

Almaty Open турнирі: Медведев екінші жыл қатарынан бас жүлдені қанжығалады

Түркияда Қазақстан азаматшасы көз жұмды: СІМ қайғылы оқиғаны растады