Активтерді қайтару: Шымкентте жатақхана салуға 2,6 млрд қаражат бөлінді

Сурет: primeminister.kz
Заңсыз шығарылған активтерді қайтару есебінен Шымкентте мектеп-интернат-колледж тәрбиеленушілері үшін 300 орындық жатақхана салынады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Үкімет дерегіне сүйенсек, арнаулы мемлекеттік қордан Шымкент қаласындағы "Сайрам көмекші мектеп-интернат-колледжі" кешені үшін жатақхана салуға 2,6 млрд теңгеден астам қаражат бөлді. Жобада қарастырылған:

"Жатақхана барлық заманауи талаптарға сай болады",- делінген хабарламада.

Бүгінде "Сайрам көмекші мектеп-интернат-колледжі" арнайы кешенінде 363 адам оқып жатыр. Жаңа ғимараттың құрылысы 120 оқушыға арналған жатақханадағы орын тапшылығын жоюға мүмкіндік береді. Нысан 1975 жылы салынған.

Қазіргі уақытта орын тапшылығына байланысты оқу орнындағы кейбір кабинеттер балаларға арналған жатын бөлмелері ретінде қарастырылған. 67 оқушы үйде оқуға мәжбүр.

"Жаңа жатақхана балалардың өмір сүруіне және олардың сапалы білім алуына қолайлы жағдай жасайды",- деп мәлімдеді Үкімет.

Бұған дейін алаяқтардың қазақстандықтардың 100 миллион теңгеден астам ақшасын жымқырғаны хабарланған болатын.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

18 шілдеден бастап тауарлар мен қызметтерге берілетін тұтынушылық несиелерді рәсімдеу тәртібі өзгереді

Тоқаев Қазақстанның Қырғызстанда жаңадан тағайындалған елшісін қабылдады

Балағат сөз үшін қандай жағдайда және қанша айыппұл салынады

Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы 2026 жылғы 1 шілдеде күшіне енеді

Қазақстанда жаңа Конституция күшіне енді: өзгерістер хронологиясы