Қазақстандықтарды Оңтүстік Кореяда жұмыс істеуге қалай дайындайды - СІМ мәлімдемесі

Сурет: pixabay
Сыртқы істер министрінің орынбасары Әлібек Бақаев 4 желтоқсанда Қазақстанның Оңтүстік Кореяның Employment Permit System (EPS) жүйесіне қосылуы туралы айтты, бұл біздің азаматтарымызға заңды түрде жұмысқа орналасуға мүмкіндік береді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Әлібек Бақаев қазіргі уақытта ресми деректер бойынша Оңтүстік Кореяда 30 мың қазақстандық бар екенін атап өтті.

"Қазақстан азаматтарының Кореяда көп болуының себептерінің бірі-визасыз режим... Қазір біз Оңтүстік Кореяға, ең алдымен жұмыс үшін барғысы келетін азаматтарымызға Қазақстанда алдын ала қажетті дайындық курстарынан, тілдік курстардан өтуге, Оңтүстік Кореяның дәстүрлерін, заңнамасын зерделеуге мүмкіндік беретін Оңтүстік Кореяның Employment permit System (EPS) жүйесіне қосылу бойынша жұмыстар жүргізіп жатырмыз, бұл оларға шетелде қауіпсіз өмір сүруге көмектеседі", — дейді спикер.

Оның айтуынша, құжат ратификациялауға жатпайды.

"Бұл ведомствоаралық техникалық құжат. СІМ, елшілік процеске қатысады. Біз жақын арада Оңтүстік Кореямен түпкілікті келісімге, меморандумға келеміз деп үміттенемін", – деді Бақаев.

Бұған дейін Сыртқы істер министрлігі Оңтүстік Кореядағы қазақстандықтарға біраз кеңес бергені хабарланған болатын.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Жерде геомагниттік толқулардың жаңа толқыны күтіледі: болжам туралы не белгілі?

Аралға құстар қайта оралып жатыр: тартылған теңіз жағалауындағы жаңа тіршілік

26 қазанда Астана мен Алматыдағы ақша айырбастау орындарында доллар, еуро және рубль қанша тұрады

11 градусқа дейін аяз: Қазақстанның қай өңірлерінде үсік жүреді

Таяу Шығыстағы шиеленіс: Арабтар мұнайын Сингапурдың жер асты қоймасында сақтайтын болды