Алматыда тағы бір заңсыз тұрғын үй кешені бұзылып жатыр

Сурет: Алматы әкімдігі
Алматыда Қарағайлы шағын ауданында орналасқан "Француз үйі" заңсыз тұрғын үй кешенін бұзу басталды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қала құрылысын бақылау басқармасының мәліметінше, құрылыс салушы нысанды қажетті рұқсаттарсыз салған: СТЖ, эскизді келісу, құрылыс жұмыстарының басталғаны туралы хабарлама және сараптама болмаған.

Әкімшілік шаралар қабылданып, сотқа талап арыз берілгеннен кейін, сүру туралы шешім бірінші сатылы сотында қанағаттандырылып, бұл шешімді қалалық сот өзгеріссіз қалдырды.

2024 жылы 30 қаңтарда атқару парағы Әділет департаментіне жолданып, бүгін сот орындаушыларының қатысуымен сүру жұмыстары басталды.

Алматыда былтырдан бері 55 заңсыз нысан бұзылды, оның ішінде "Мечта", KHAN, "Алма Гарден" тұрғын үй кешендері бар. 

Алматы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Тоқаев қазақстандықтарды Жеңіс күнімен құттықтады

Құрылтай құрамына кімдер енді: саяси партиялар кандидаттар тізімін жариялай бастады

Аудит нәтижесі: Қазақстан атынан шетелге баратын спорт делегациясы қатаң іріктелетін болды

Boeing ұшағы Атлант мұхитының үстінде белгісіз себеппен апаттық сигнал берді

Алматыда қыркүйек қандай болады: күзгі салқын қашан келеді және "күзгі жылымықты" күтуге бола ма