Кәсіпкерден 75 млн пара алған мемлекеттік қызметкер сотталды

Сурет: 24.kz
Батыс Қазақстан облыстық қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында мемлекеттік кірістер департаментінің қызметкеріне қатысты сот үкімі шықты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Әкімшілендіру басқармасының 38 жастағы жетекші маманы "Сырым" өткізу пунктінен жүк көліктерін кедергісіз өткізгені үшін жергілікті кәсіпкерден 75 млн теңге пара алған.

Заңсыз әрекет 2021 жылғы желтоқсанда бастап, 2022 жылғы қыркүйекке дейін жалғасқан. Күдікті кейін тергеу органдарынан бой тасалап, халықаралық іздеу жарияланған, деп хабарлады 24.kz.

Сот айыпталушыдан пара мөлшерінде қаржыны өндіріп, дүние-мүлкін мемлекет пайдасына тәркіледі. 

"Қылмыстық Кодекстің 366-бабы, 4-бөлігі аса ауыр қылмыстар қатарына жатады. Сот жаза тағайындау барысында барлық жеңілдетілген және ауырлататын мән-жайларды ескеріп, сотталғанға 10 жыл бас бостандығынан айыруды қолданды. Сонымен қатар қосымша жаза, мүлікті тәркілеу де қолданылды"БҚО Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының судьясы Динара Ғилманова

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Әр адамға 8 сағат ұйқы қажет емес: маман ұйқы режимі туралы айтты

Қырғызстандық продюсер: қазақстандықтар Канье Уэстті "тартып алды" - енді Шакираның концерті де күмәнді

Алматыда аптап ыстық, Астанада күн күрт суытады: 11–13 қыркүйекке арналған жаңартылған болжам

Тоқаев Түркі мемлекеттері ұйымына мүше елдердің Ішкі істер министрлерімен кездесті

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді