Құлсарыда спорт мектебінің бас есепшісі 55,3 млн теңгені заңсыз аударған

Сурет: pexels
Атырау облысының Құлсары қаласындағы спорт мектебінің бас есепшісі бірнеше жыл бойы 55,3 млн теңгені заңсыз аударғаны анықталды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Атырау облыстық ішкі мемлекеттік аудит департаменті басшысының орынбасары Зоя Сапарованың сөзінше, Жылыой ауданының орталығы – Құлсарыдағы №2 балалар-жасөспірімдер спорт мектебіне аудиторлық іс-шара жүргізілген, деп хабарлады kazinform.kz.

"Аудиттің нәтижесінде жалпы сомасы 55 млн 354,7 мың теңгенің қаржылық бұзушылығы анықталды. Мектеп басшысының тарапынан қаржының жұмсалуына тиісті қадағалау жүргізілмеген. Әсіресе, мектептің банктік есепшоты арқылы жүргізілген операциялардың дұрыстығы қамтамасыз етілмеген. Мекеменің бас есепшісі 2020-2024 жылдары аралығында еңбекақы, іс-сапарға шығу, еңбек демалысы және сауықтыру қаржысын төлеуге бұйрықтар рәсімделмесе де, негізсіз аударып жіберген", - деп хабарлады Зоя Сапарова.

Оның айтуына қарағанда, анықталған бұзушылықтарға байланысты бас есепшіге қатысты қылмыстық іс қозғалған.

Сот заңсыз аударылған қаржыны қайтаруды міндеттеген шешім шығарған. 

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Франция мен Испаниядағы орман өрті: мыңдаған адам үйлерін тастап кетуге мәжбүр

ІІМ жалған ақпарат пен арандатушылық үшін жауапкершілік қарастырылғанын ескертті

ІІМ әлеуметтік желі қолданатын жасөспірімдерге маңызды ескерту жасады

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Қазақстанда нысандарды бұзуға жаңа жолмен рұқсат беріледі