Қазақстанда сирек кездесетін және жоғалып кету қаупі төнген жануарлардың тізімі жаңарады

Сурет: Үкіметтің баспасөз қызметі
ҚР экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев Үкімет отырысында республикада сирек кездесетін және жоғалып кету қаупі төнген жануарлар түрлерін сақтау бойынша жүргізіліп жатқан жұмыс туралы баяндады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ол бүгінгі таңда сирек кездесетін және жойылып кету қаупі төнген жануарлардың 227 түрі тіркелгенін, олардың 131-і омыртқалы және 96-сы омыртқасыздар екенін хабарлады.

"Зоология институтының биологиялық негіздемесінің материалдары бойынша тізбені жаңарту басталды. Бұл жұмыс Халықаралық табиғатты қорғау одағының критерийлеріне сәйкес жүргізіледі. Омыртқасыз жануарлардың 21 түрін тізбеден алып тастау және омыртқасыздардың 6 түрін және омыртқалы жануарлардың 5 түрін енгізу бойынша ұсыныстар енгізілді. Жануарлардың сирек кездесетін және жоғалып кету қаупі төнген түрлерін сақтау бойынша ең тиімді кешенді шара ретінде ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды (ЕҚТА) құру танылды", - деді Ерлан Нысанбаев.

Ведомствоның мәліметінше, Тәуелсіздік жылдарында Республикадағы ерекше қорғалатын табиғи аумақтарының ауданы қолданыстағы ЕҚТА-ны кеңейту және жаңа ЕҚТА құру есебінен 869 мың гектардан 30,9 млн гектарға дейін ұлғайды.

Еліміздің биоалуантүрлілігін сақтау бойынша қабылданып жатқан шаралардың нәтижесінде тоғай бұғысы, құлан, арқар және қарақұйрық популяциясы айтарлықтай өсті.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды