Депутат 120 мың теңге алатын метеоролог-техниктердің жалақысын 100%-ға арттыруды сұрады

Сурет: Zakon.kz
Бүгін, 18 желтоқсанда депутат Ажар Сағындықова Мәжіліс қабырғасында ауа райын болжау саласы жұмысшыларының мардымсыз жалақысы мәселесін көтеріп, Үкіметке депутаттық сауал жолдады. Ол осы санаттағы қызметкерлердің жалақысын 100%-ға арттыруды ұсынды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Айлығы 120 мың теңге болатын метеорология саласының мамандарына бүгіндері отбасын асырау қиынға соғуда.

"Қазгидрометтің" болжамдарын ауыл шаруашылығынан авиацияға дейінгі түрлі саладағы кәсіпорындар пайдаланады. Метеорологтар метеостанцияларда отыра бермейді, жылуы, су жоқ шалғай аумақта орналасқан контейнерлерде тәулік бойы кезекшілік етеді. Тауға да, тасқа да шығып, өлшемдер жүргізеді. Ал осындай ауыр жұмыс жағдайына қарамастан техниктер өте төмен жалақы алады", - деді Ажар Сағындықова Мәжілістің жалпы отырысында.

Депутатттың айтуынша, 2023 жылдың маусым айында метеорологтардың жалақысы 70%-ға ұлғайғанымен, олар уәде етілген 100%-ға өспеген. Сондағысы - 120 мың теңге.

"Мысалы, қар жауу кезінде түсірілетін түсірілімге бар болғаны 1200 теңге төленеді. Техниктер, көбіне далада, елдімекендерден 2-3, 5 шақырым қашықтықта жүреді. Оларға жабайы жануарлар кезігу тәуекелі жоғары, бірақ еңбек жағдайлары дұрыс бағаланбайды. Олар айына кем дегенде 10 сағат артық жұмыс істейді, бірақ үстемеақы тек жылдың соңында төленеді. Оның үстіне, демалыс және дәрігерге қаралуға сұранған кездегі сағаттары осы артық жұмыстан шегеріледі. Сыйақы деген мүлде қарастырылмайды", - деді ол.

Депутат метеоролог-техниктердің жалақысын 100%-ға арттыруды, сондай-ақ оларға қосымша жұмыстары үшін үстемеақы төлеуді және қосымша демалыс күндерін беруді ұсынды.

Қазақстан
Қазақстан Республикасы Парламент Мәжілісі

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қытайда пара алған шенеунік өлім жазасына кесілді

Жұмыстан босатылған қазақстандықтарға төленетін әлеуметтік төлемдер: мемлекеттен қалай көмек алуға болады

2025 жылға арналған әкімдіктердің қарыз лимиті бекітілді

Қазақстанның 25 көрікті жерінің үздік топтамасы

БҚО-да полицейлер із-түссіз жоғалған қызды аман-есен тапты