Жетісуда ІІМ интернет-алаяқтық үшін қолданылатын sim-карталарды іске қосумен айналысқан топты әшкереледі

Сурет: ҚР ІІМ
Жетісу облысы және Астана қаласы полиция департаменттерінің қызметкерлері ІІМ Киберқылмысқа қарсы іс-қимыл департаментінің үйлестіруімен интернет-алаяқтыққа қатысы бар қылмыстық топтың жолын кесу бойынша операцияны сәтті жүргізді.

Интернет-алаяқтықпен байланысты қылмыстық істерді тергеу барысында қылмыс жасау үшін пайдаланылған көптеген sim-карталардың іске қосылған орны анықталды.

Жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде Жетісу облысының 24 және 25 жастағы екі тұрғыны ұсталды. Олардың бірі Жамбыл ауылында, екіншісі Қаратал ауданының Достық ауылында тұрған. Күдіктілер sim-карталарды іске қосып, WhatsАpp мессенджеріне тіркеліп, Қазақстан азаматтарын алдаумен айналысатын алаяқтарға сатқан.

Қылмыс келесі схема бойынша жүзеге асырылған: қаскөйлер өздерінің жеке деректерін пайдаланып, Tele2 қосымшасы арқылы абоненттік нөмірлерді тіркеген, содан кейін басқа қосымшалардың көмегімен нөмірлерді іске қосып, оларды Telegram-каналдар арқылы 500-ден 1500 теңгеге дейінгі бағамен сатқан. Күніне 100-ге дейін sim-карталар тіркеген.

Тінту барысында ұсталғандардан 17 ұялы телефон, екі ноутбук, бір модем және 1000-ға жуық sim-карта тәркіленді. Тергеу жалғасуда. Ұсталғандардың басқа алаяқтармен ықтимал байланысы тексеріліп жатыр.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

5 қарашадағы Астана мен Алматыдағы айырбастау пункттеріндегі валюта бағамы

Қазақстанда әскери билеттерді беру тәртібі өзгерді

Ақтөбеде неке сарайында бұрынғы күйеуі пышақтап кеткен әйелдің екі баласы жетімдер үйіне орналастырылды

Павлодар облысында оқушы қыздар зорланған

Мұғалімдерді бағалаудың жаңа өлшемі енгізіледі